KZ
RU KZ

«Қызыл-Жар» футбол клубының бұрынғы президенті ақша жымқырды деген күдікпен іздеуге жарияланды

Қаржылық мониторинг агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Қызыл-Жар СҚ» футбол клубының бұрынғы президенті Григорий Лорияны мемлекетаралық іздеуге жариялады

Іздеу жарияланды
Іздеу жарияланды Фото: Ашық дереккөзден

Ол бюджет қаражатын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінді. Келтірілген шығын көлемі 414 миллион теңгеден асады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚМА мәліметінше, іздеуге жарияланған Григорий Лория 1954 жылғы 18 наурызда туған, Қазақстан азаматы. Ол «Қызыл-Жар СҚ» футбол клубы ЖШС-нің президенті болған.

2023 жылы футбол клубын ұстауға жергілікті бюджеттен 1,7 миллиард теңге бөлінген.

Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті бас есепшімен және басқа да адамдармен сөз байласқан. Олар жалған қаржылық құжаттарды пайдаланып, негізсіз түрде жеке шоттарға ақша аударған. Сондай-ақ бухгалтерлік және салық есептілігіне әдейі жалған мәліметтер енгізген.

Атап айтқанда, салық декларацияларында қызметкерлердің табысы, еңбекақы қоры және ұйымның жылдық жиынтық кірісі төмендетіліп көрсетілген.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.