KZ
RU KZ

АҚШ банктері жұмысында ауқымды ақау болды

АҚШ-тағы ең ірі банк JPMorgan Chase-тің онлайн-банкинг жүйесі мен бөлімдерінің жұмысында ақау пайда болды.

АҚШ банктеріндегі ақау
АҚШ банктеріндегі ақау Фото: ЖИ

Бұл жағдай Bank of America, Wells Fargo және U.S. Bank клиенттеріне де әсер етті.

Банк өкілдері мұның кибершабуыл емес, өз серверлерін жаңартқаннан кейін туындаған бағдарламалық қате екенін мәлімдеді. Кейінірек мамандар клиенттерге көрсетілетін қызметтердің басым бөлігін қалпына келтіріп, кідіріп қалған транзакцияларды өңдеді.

Бұл соңғы күндері тіркелген үшінші ірі техникалық ақау. Бұған дейін Microsoft серверлері әлемнің 74 елінде істен шығып, АҚШ-та әуе рейстері тоқтатылған, сондай-ақ United Airlines әуе компаниясы жүйелерінде ақау болған еді.

 Айта кетейік, бұған дейін бүкіл әлем бойынша алдағы «цифрлық ақырзаман» туралы хабарламалар жаппай тараған болатын. Жазба авторлары 17 қарашада хакерлер әлемдік қаржы жүйесін істен шығарып, банк шоттарындағы қаражатты нөлге түсіріп, интернетті өшіреді деп мәлімдеген.

Алайда Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі мен «Қазақтелеком» компаниясы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Олардың мәлімдеуінше, елде ауқымды техникалық ақаулардың туындауына ешқандай алғышарт жоқ.

 

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.