Астанада оқушы қыз екі сыныптасына пышақпен шабуыл жасады
11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, сыныптас екі қызға шабуыл жасаған.
Зардап шеккен оқушыларға медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақты.
"Шабуыл жасаған кәмелетке толмаған оқушы профилактикалық есепке алынып, Психикалық денсаулық орталығының мамандарына тапсырылды. Оқушының ата-анасы баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды" деп хабарлады полиция.
Сондай-ақ полиция мектептің күзет қызметімен айналысатын ұйымның әрекетіне құқықтық баға береді.

