KZ
RU KZ

АҚШ-қа бақа эмбриондарын алып өтпекші болған ғалымға қатысты қылмыстық іс тоқтады

Федералдық сот Гарвард медициналық мектебінде жұмыс істеген ресейлік ғалым Ксения Петроваға қатысты қылмыстық істі тоқтатты.

Сот
Сот Фото: Pixabay

Петроваға ақпан айында АҚШ-қа қайтып бара жатқанда шабаданындағы бақа эмбриондарын кедендік декларацияда көрсетпегені үшін контрабанда жасады деген айып тағылған. Ғалым бұл биологиялық үлгілерді ғылыми жетекшісінің өтініші бойынша алып келе жатқан.

Осыған дейін АҚШ Әділет министрлігі сотқа қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш берген. Массачусетс штатындағы округтік сот судьясы осы өтінішке сәйкес істі тоқтату туралы шешім шығарды.

 

 

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.