Әскер ант беру кезінде құлады: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді
Әлеуметтік желілерде 2024 жылы түсірілген Аягөз гарнизонындағы видео қайта таралып жатыр.
Кадрларда әскери ант қабылдау кезінде сарбаздың жағдайы нашарлағаны көрінеді.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, сарбаз қатты қобалжығандықтан басы айналған. Оған дер кезінде медициналық көмек көрсетілген. Әскери қызметшінің денсаулығына қауіп төнбеген.
Jaq.Ortcom орталығының хабарлауынша, сарбаз баяғыда мерзімді әскери қызметін аяқтап, запасқа шығарылған.
Қорғаныс министрлігі таралып жатқан видеоның архивтік жазба екенін және қазіргі жағдайды көрсетпейтінін атап өтті.

