KZ
RU KZ

Балқашта жасөспірім әкпелі-сіңлілі қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендер ұсталды

Қыздардың әкесі олардың жасы үлкен қыздардың арбауына түсіп қалғанын айтады

Ұсталғандар
Ұсталғандар Фото: Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Күдіктілер ұсталды. 13 және 15 жастағы қыздардың әкесінің айтуынша, оның қыздары сексуалдық қанауға тартылып, кейін интимдік сипаттағы фото және бейнематериалдар арқылы бопсаланған.

Ер адамның сөзінше, қыздары өздерінен жасы үлкен қыздармен араласа бастаған. Олар жасөспірімдерге сыйлық беріп, дәмханаға апарып жүрген. Кейін қыздарға зорлық-зомбылыққа ұшырап, оларды ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген.

Болған жағдайдан хабардар болған әкесі полицияға жүгінген.

«Жедел-іздестіру іс шаралары нәтижесінде полицейлер күдіктілерді анықтап, ұстады. Құқыққа қайшы әрекет әртүрлі уақытта және әртүрлі жерде жасалғаны белгілі болды. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Балқашта 13 және 15 жастағы екі оқушыны топтасып зорлау туралы қылмыстық іс тергелуде. Қыздардың туыстары қылмыстарға 20-ға жуық адам қатысы болуы мүмкін дейді. Полиция алты күдіктіні ұстады. Олардың барлығы уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

Әкесі мектеп оқушыларына алкоголь берілгенін, оған белгісіз дәрілер араластырылғанын айтады. Туысының айтуынша, қылмысқа 20-ға жуық адам қатысуы мүмкін. Бұл мәліметтер әзірге ресми түрде расталмаған.

Қарағанды облысының полиция департаменті қыздардың әкесі 16 қарашада өтініш бергенін хабарлады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, болжанған қылмыстар әр уақытта және әр жерде жасалған. Қазіргі уақытта алты күдікті ұсталды. 

Тергеу жұмыстарына облыстық полиция департаментінің тәжірибелі қызметкерлері тартылған. Қылмыстық істің тергелу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында.

 

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.