«Халықтық құрылыс»: бюджет қаражатының жұмсалуы президент бақылауында болады
Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасына бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылайтын комиссия құрамын бекітті
Мемлекеттік комиссия мемлекеттік сатып алудың мерзімін, құнын және заңдылығын бақылап, тәуекелі жоғары жобаларды анықтап, оларды жою бойынша шаралар әзірлейді.
Бағдарламаның іске асырылуын бақылау қорытындысы бойынша тоқсандық және жылдық есептер президентке ұсынылады. Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып Жоғары аудиторлық палата белгіленді.
«Халықтық құрылыс» инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамы:
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары:
▪️ Қайрат Айтуғанов, Берік Беркімбаев, Наталья Годунова, Сұңғат Есімханов, Шолпан Каринова, Мейірхат Қасымбаев, Марат Қожаев, Юлия Кучинская, Олжас Нұралдинов, Ольга Перепечина, Сергей Пономарёв, Замир Сағынов, Әбілхайыр Тамабек.
Журналистер:
▪️ Нұрбек Бекбауов — «Qazaqstan» телеарнасындағы «Халықтық құрылыс» бағдарламасының журналисі;
▪️ Вера Захарчук — «24.kz» телеарнасындағы «Народная стройка» бағдарламасының журналисі;
▪️ Раушан Қажыбаева — журналист, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;
▪️ Ренат Ташкинбаев — журналист, ақпараттық шолушы, YouTube желісіндегі «Другие места» жобасының авторы әрі жүргізушісі;
▪️ Риат Шони — «24.kz» телеарнасындағы «Халықтық құрылыс» бағдарламасының журналисі.
Қоғамдық ұйымдар (қорлар, бірлестіктер, кеңестер және Қазақстан Халық Кеңесі):
▪️ Айнұр Аймурзина — «Dos.co» жеке қорының директоры;
▪️ Андрей Антоненко — Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, дипломатиялық қызмет ардагері;
▪️ Ислам Байрамуков — Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Жамбыл облысының қарашайлар мен балқарлар этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, еңбек сіңірген спорт шебері, XXVII жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері;
▪️ Бекмұрат Жүсіпов — Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы;
▪️ Геннадий Зенченко — Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Қазақстанның Еңбек Ері, «Зенченко және компания» коммандиттік серіктестігінің бас директоры;
▪️ Владимир Изюмников — «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі;
▪️ Акбаржон Исмаилов — Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Тәжіктердің республикалық этномәдени бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
▪️ Ләззат Қалтаева — Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, БҰҰ-ның Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары жөніндегі комитетінің мүшесі;
▪️ Вера Ким — Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Ұлттық волонтерлік желі» қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы;
▪️ Төлеген Құнадилов — Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Астана қаласының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы;
▪️ Андрей Лукин — Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері;
▪️ Манат Мусин — Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі;
▪️ Нұргүл Үлжекова — Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының жетекшісі;
▪️ Ләззат Чинкисбаева — Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы;
▪️ Геннадий Шиповских — Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Жастар үні» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі;
▪️ Азиза Шужеева — «GovTech & AI Foundation» қоғамдық қорының жетекшісі, «TechnoWomen Non-profit Organisation» коммерциялық емес ұйымының басқарма төрағасы;
▪️ Сәлімбай Шунеев — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестерді үйлестіру орталығының төрағасы.
Бизнес және сараптамалық институттар:
▪️ Біржан Баткеев — «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
▪️ Ирина Манжанова — «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің мүшесі;
▪️ Андрей Шин — кәсіпкер, «Шин-Лайн» компаниялар тобының негізін қалаушы.
Барлық материалдар

