KZ
RU KZ

Мысырда екі пойыз соқтығысып, жеті адам қаза тапты

Мысырда екі пойыздың соқтығысуы салдарынан жеті адам көз жұмды. Қаза тапқандардың арасында пойыздардың бірінің машинисі бар.

Екі пойыз соқтығысты
Екі пойыз соқтығысты Фото: Бейнежазбадан кадр

Тағы кемінде 100 жолаушы жарақат алған. Құтқарушылар оқиға орнында жұмысын жалғастырып жатыр.

Апат Гиза мен Каир қалаларының оңтүстігінде болған. Соқтығыс салдарынан пойыз вагондары рельстен шығып, теміржол үйіндісіне құлаған.

Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси апаттың себептерін анықтау үшін тергеу жүргізуді тапсырды.

 

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.