KZ
RU KZ

Онлайн-казиноларға 191 млрд теңге аударылған: ұйымдастырушы қамауға алынды

Қазақстанда заңсыз онлайн-казино ұйымдастыруға көмектесу дерегі бойынша тергеу аяқталды.

Құмар ойын
Құмар ойын Фото: Pixabay

Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) мәліметінше, жасырын казино желісінің мүддесі үшін жүргізілген операциялардың жалпы көлемі 191 млрд теңгеге жеткен.

 

«Тергеу деректеріне сәйкес, үш бақылаудағы компанияның төлем инфрақұрылымы арқылы шетелдік интернет-казинолардың мүддесі үшін қаржылық операциялар жүргізілген. Бұл инфрақұрылымға түрлі банктердегі жүздеген терминал кірген. Олардың қатарында Nomadgames, Sultangames, Pinco, Pin-UP, Vavada, Mostbet және 1WIN платформалары бар. Операциялардың жалпы көлемі 191 млрд теңге, ал есептік комиссиялық сыйақы 286 млн теңге болған» деп жазылған хабарламада.

 

Тергеу нұсқасы бойынша, төлемдердің нақты мақсатын жасыру үшін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің деректемелері олардың рұқсатынсыз пайдаланылған.


«Олардың атына интернет-эквайринг терминалдары ашылып, жалған шарттар мен сайттар арқылы тауарлар мен қызметтерге ақы төленгендей көрсетілген. Қаражат шетелдік контрагенттерге, оның ішінде криптовалюта арқылы аударылған. Ұйымдастырушы қамауға алынды. Сот санкциясымен төрт көлік құралы мен 103 млн теңге қолма-қол ақшаға тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды" деп толықтырды ҚМА.

 

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.