«Оземпик» пен «Мунджаро» көру қабілетінен айырылу қаупін арттыруы мүмкін: FDA ескерту жариялады
АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (FDA) қант диабеті мен семіздікті емдеуге арналған препараттардың нұсқаулығына сирек кездесетін, бірақ қауіпті.
АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (FDA) қант диабеті мен семіздікті емдеуге арналған танымал препараттардың нұсқаулығына сирек кездесетін, бірақ қауіпті көз ауруы туралы ескерту қосуды талап етті.
Әңгіме «Оземпик», «Мунджаро», Wegovy, Zepbound және GLP-1 тобына жататын басқа да препараттар туралы болып отыр.
Мәселе — артерияға қатысы жоқ алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатия (NAION). Бұл ауру кезінде көру жүйкесінің қанмен қамтамасыз етілуі бұзылып, адам бір көзінің көру қабілетінен кенет айырылуы мүмкін. Кей жағдайда көру қабілеті қайта қалпына келмейді.
FDA 134 мыңнан астам адам қатысқан 126 клиникалық зерттеудің деректерін зерделеген.
Зерттеу нәтижелері қандай?
- GLP-1 препараттарын қабылдағандар арасында аурудың 100 мың адам-жылға шаққандағы көрсеткіші 6,4 жағдай болған.
- Бақылау тобында бұл көрсеткіш 100 мың адам-жылға шаққанда 3,8 жағдай болған.
Яғни ауру сирек кездеседі. Алайда FDA бұл деректерді пациенттерге ескерту жасауға жеткілікті маңызды деп санайды.
Сонымен қатар реттеуші препараттардың көру қабілетінен айырылуға тікелей себеп болатынын нақты растаған жоқ. Олардың арасындағы себеп-салдарлық байланыс әлі толық дәлелденбеген.
FDA көру қабілеті кенет нашарлаған, көзі бұлдыраған немесе түстерді қабылдауы бұзылған жағдайда дереу дәрігерге қаралуға кеңес береді.
Дәрігер тағайындаған емді өз бетінше тоқтатуға болмайды.

