Пәкістанда танымал тележүргізуші өз үйінде қаза тапты: күйеуі ұсталды
Пәкістандық танымал тележүргізуші, 41 жастағы Рабия Ахсан Равалпинди қаласындағы өз үйінен өлі табылды.
Марқұмды туыстары жатын бөлмесінен қанға батқан денесін тапқан. Әйел оқ жарақатынан көз жұмған.
Оқиға орнына келген полицейлер қайтыс болған әйелдің жанынан қолында тапаншасы бар күйеуін көрген. Ер адам әйеліне қарудан кездейсоқ оқ атқанын, тапаншаның оқтаулы екенін білмегенін айтқан. Қазір ол қамауда отыр.
Ерлі-зайыптының некеде тұрғанына 16 жыл болған. Олардың 13 және 11 жастағы екі қызы бар.


