KZ
RU KZ

Құрылтай цифрлық қылмысқа қарсы БҰҰ конвенциясын мақұлдады

Құжат ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді пайдалану арқылы жасалатын қылмыстармен күресудің ортақ тетіктерін белгілейді.

Киберқылмыспен күрес
Киберқылмыспен күрес ZTB. ЖИ иллюстрация

Қазақстан киберқылмыстарды тергеу кезінде халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында БҰҰ-ның Киберқылмысқа қарсы конвенциясын ратификациялады.

Олардың қатарында ақпараттық жүйелерге заңсыз кіру, электрондық деректерді ұрлау, интернет-алаяқтық және цифрлық ортада балаларға қарсы жасалатын жекелеген қылмыстар бар.

Сонымен қатар конвенция мұндай қылмыстарды тергеу кезінде мемлекеттердің өзара іс-қимыл жасау тәртібін қарастырады. Атап айтқанда, елдер компьютерлік деректерді жедел сақтап қалуға, қажетті ақпаратты сұратуға және бір-біріне құқықтық көмек көрсетуге мүмкіндік алады.

Осы мақсатта тәулік бойы жұмыс істейтін «24/7» байланыс пункттерінің халықаралық желісін құру көзделген. Бұл тетік киберқылмыстарды тергеу барысында ақпаратты жедел алмасуға мүмкіндік береді.

Мұндай құралдардың маңызы әсіресе қылмысқа қатысты серверлер, аккаунттар немесе өзге де цифрлық дәлелдер тергеу жүргізіліп жатқан елдің аумағынан тыс жерде орналасқан жағдайда арта түседі. Өйткені интернет арқылы жасалатын қылмыстардың ізі көбіне бірнеше мемлекет аумағын қамтуы мүмкін.

Сонымен бірге конвенцияны ратификациялау шет мемлекеттерге Қазақстанның ақпараттық жүйелеріне еш кедергісіз қол жеткізу құқығын бермейді. Деректерді беру туралы сұраулар белгіленген құқықтық рәсімдер аясында қаралады. Бұл ретте ұлттық заңнама, адам құқықтары мен мемлекеттің егемендігі сақталуға тиіс.

Осылайша, БҰҰ конвенциясын ратификациялау Қазақстанның киберқылмыстарға қарсы халықаралық деңгейдегі ынтымақтастығын кеңейтіп, цифрлық дәлелдерді жинау және сақтау бағытындағы мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.