Қақтығыс салдарынан Ирандағы энергетикалық дағдарыс ушықты
Иранда электр энергиясы уақытша өшіріліп, бірқатар өнеркәсіп тоқтады.
Әскери қақтығыс кезінде газ инфрақұрылымының зақымдануы Ирандағы энергетикалық дағдарысты ушықтырды. Өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысы тоқтап қалмауы үшін билік тұрғындарды электр энергиясы мен газды үнемдеуге шақырды.
Иранда электр станцияларына қажетті отын тапшылығына байланысты 22 қарашадан бастап тұрмыстық және коммерциялық тұтынушылар үшін жоспарлы электр қуатын өшіру басталды.
Шектеулер екі күн ішінде екі сағатқа дейін созылуы мүмкін. Ал күн райы одан әрі суытқан жағдайда электр энергиясын беру күн сайын екі сағатқа дейін тоқтатылуы ықтимал.

