KZ
RU KZ

Қарағандыда цирк қойылымы кезінде бес метр биіктіктен құлаған акробаттың жамбас сүйегі сынды

Қарағандыда цирк қойылымы кезінде бес метр биіктіктен құлаған акробаттың жарақаты белгілі болды.

Акробат
Акробат ЖИ көмегімен жасалған

Қарағандыда цирк қойылымы кезінде бес метр биіктіктен құлаған акробаттың жарақаты белгілі болды. Алғашында әртістің жағдайы жақсы екені айтылғанымен, дәрігерлер оның жамбас сүйегі сынғанын анықтаған.

Оқиға 21 қарашада Қарағандыдағы циркте көрермендер алдында өтіп жатқан қойылым кезінде болған. Акробат өнер көрсету барысында бес метр биіктіктен құлаған.

Оқиғадан кейін қойылым жүргізушісі көрермендерге әртістің жағдайы жақсы екенін, аяқ-қолы аман екенін мәлімдеген еді. Дәрігерлер зардап шеккен акробатты оқиға орнында тексеріп, кейін көпбейінді ауруханаға жеткізген.

КТК телеарнасының мәліметінше, медициналық тексеру барысында цирк әртісінің жамбас сүйегі сынғаны анықталған. Қазір ол аурухананың травматология бөлімінде стационарлық ем қабылдап жатыр.

Акробаттың биіктіктен құлауына не себеп болғаны, қойылым кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталған-сақталмағаны әзірге белгісіз. Сондай-ақ әртістің емделу мерзімі мен цирк сахнасына қашан оралатыны туралы ақпарат берілмеген.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.