KZ
RU KZ

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейстері 2027 жылдың соңына дейін ашылуы мүмкін

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен АҚШ көлік министрінің авиация және халықаралық қатынастар жөніндегі көмекшісі Дэниел Дж. Эдвардстың кездесуінде мәлімдеді.

.
. ЖИ көмегімен жасалған

Қазіргі уақытта Қазақстан АҚШ Федералдық авиация әкімшілігінің (FAA) 1-санатын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Қыркүйек айында америкалық сарапшылар Қазақстанда аудит жүргізіп, оның алдын ала нәтижелерін ұсынды. Олар тексеру барысында жақсы көрсеткіштер тіркелгенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен АҚШ арасында 2027 жылдың соңына дейін тікелей әуе қатынасын ашу жоспары айтылды.

 

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.