Қазақ тіліндегі ЖИ-ді дамыту үшін 14 млрд токен мәтін мен 12 мың сағат аудио жиналды
Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының төрағасы Рауан Кенжеханұлы мәлімдеді
Оның айтуынша, деректер OpenAI компаниясымен бірлескен жоба аясында жиналған. Олар қазақ тіліндегі жасанды интеллект технологияларын дамытуға арналған.
Кездесу барысында қоғам жұмысының басқа да нәтижелері айтылды:
- Соңғы үш жылда Disney, Pixar және Sony компанияларының танымал 13 фильмі кинотеатрларда қазақша дубляжбен көрсетілді.
- Qazaq Tili Endowment қоры 824 миллион теңге көлемінде жарна жинады.
- Қоғам қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, қазақ тіліндегі контент көлемін арттыру және тілді жаңа технологияларға енгізу бағытында жұмыс істеп жатыр.
Тоқаев жасанды интеллектті қазақ тілін үйрену және ғылыми әдебиеттерді аудару үшін белсенді пайдаланудың маңызын атап өтті.

