KZ
RU KZ

Ресейде әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырап, 19 адам қаза тапты

Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиғаға техникалық ақау себеп болуы мүмкін.

Ресей ұшағы құлады
Ресей ұшағы құлады Фото: Ресей БАҚ-тарынан

Әуе апаты Кемеров облысында болған. Ұшақ Ягуново ауылы маңындағы адам аяғы баспайтын жерге құлаған.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, Төтенше жағдайлар министрлігінің, әскерилер мен апаттық медицина қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр.

Ресейдің Тергеу комитеті ұшу немесе оған дайындық ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Сондай-ақ ұшақтың әуеде келе жатқанда өртеніп кеткені айтылуда. Бұған жанармайдың ағуы себеп болуы мүмкін. Әлеуметтік желілерде ұшақтың құлап бара жатқан сәті түсірілген видеолар таралып жатыр.

Ресей Қорғаныс министрлігі Ан-12 ұшағы бортындағы экипаж мүшелері мен жолаушылардың барлығы қаза тапқанын растады. Барлығы — 19 адам.

Министрлік алдын ала мәлімет бойынша, әуе апатына ұшақтың техникалық ақауы себеп болғанын хабарлады.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.