KZ
RU KZ

Қазақстандағы алғашқы UFC турнирін өткізуге қолайлы екі арена аталды

Қазақстан ММА федерациясының президенті Сағындық Мекеев елде алғаш рет UFC турнирін өткізуге болатын екі аренаны атады.

UFC
UFC Фото: Ашық дереккөзден

Оның пікірінше, UFC турнирін Алматыдағы «Алматы Арена» немесе Астанадағы «Барыс Аренада» ұйымдастыруға болады.

"Мұндай талапқа сай екі арена бар. Олар — "Алматы Арена" және Астанадағы "Барыс Арена". UFC турнирін өткізуге осы екі нысан қолайлы әрі ықшам. Әрине, бұлар 20 мың көрерменге арналған стадион емес. Дегенмен, шамамен 12 мың көрерменді, оған қоса партерде тағы 2-3 мың адамды орналастыруға болады. Меніңше, бұл жеткілікті», — деді Сағындық Мекеев.

UFC турнирі Қазақстанда 1 мамырда өткізілуі мүмкін. 

Қазан айының соңында UFC президенті Дана Уайт ұйымның Қазақстанда турнир өткізу мәселесі бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеген болатын.

Жақында бұл ақпаратты ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов та растады. Оның айтуынша, министрлік осы мәселеге қатысты бірнеше кездесу өткізген. Сондай-ақ жақын арада келіссөздер қорытындысын жариялауға уәде берді.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.