Шымкентте бесқабатты үйден өрт шығып, 67 жастағы ер адам қаза тапты
Шымкент қаласындағы Теріскей шағынауданында орналасқан бесқабатты тұрғын үйде өрт болып, 67 жастағы ер адам көз жұмды.
Өрт кезінде пәтердегі заттар 4 шаршы метр аумақта жанған. Құтқарушылар баспалдақ арқылы ғимараттан сегіз адамды эвакуациялады. Олардың арасында бір бала бар.
Оқиға орнына жеткен мамандар өртті жедел сөндірді. Алайда тексеру барысында 1959 жылы туған ер адамның мәйіті табылды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

