KZ
RU KZ

35 миллион теңге жымқырған: «ҚазАвтоЖол» еншілес ұйымының бас есепшісі сотталды

Тергеу барысында бас есепшінің заңсыз түрде төлемдер есептеп, «ҚАЖсервис» ЖШС филиалы қаражатын өзінің жеке банк шотына аударып отырғаны анықталды.

Есепші
Есепші Фото: Pexels

Тергеу барысында Атыраудағы бас есепшінің заңсыз төлем есептеп, «ҚАЖсервис» ЖШС филиалы қаражатын өзінің жеке банк шотына аударып отырғаны анықталды.

«Сот оны кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ бес жыл мерзімге материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырды» деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.

«ҚАЖсервис» ЖШС-нің материалдық шығынды өндіру туралы талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылды. Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

 

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.