Испанияда соңғы 14 жылда алғаш рет жалпыхалықтық ереуіл өтті
Наразылық акциясына қатысушылар тұрғын үй дағдарысын шешуді, жалақы көтеруді және жалдау ақысын төмендетуді талап етті.
Наразылық елдің 80-нен астам қаласында өтті.
Жергілікті билік мәліметінше, Мадрид көшелеріне шамамен 120 мың адам, ал Барселонада 55 мың адам шыққан. Ел бойынша 332 әуе рейсі тоқтатылды.
Шеру аяқталғаннан кейін наразылық білдірушілер полицияға тас пен бөтелке лақтырып, қоқыс контейнерлерін өртеген және дүкен сөрелерін қиратқан. Ел аумағында болған тәртіпсіздіктер салдарынан 50-ге жуық адам ұсталды.

