KZ
RU KZ

Алматыда өрт сөндіру көлігімен соқтығысқан Toyota Camry жүргізушісі қаза тапты

Алматыда 17 қарашаға қараған түні Тимирязев пен Әуезов көшелерінің қиылысында, «Атакент» көрме орталығына қарама-қарсы жерде болған.

Жол апаты
Жол апаты Фото: ЖИ

Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасының мән-жайы тергеліп жатыр.

Toyota Camry жеңіл автокөлігі мен өрт сөндіру қызметінің арнайы техникасы соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты шамамен сағат 00:40–та болған.

Өрт сөндіру қызметінің көлігі арнайы жарқыл беретін шамдарын қосып, шұғыл шақырту бойынша оқиға орнына бара жатқан. Жол қиылысынан өте бергенде ол жеңіл автокөлікпен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөлік жүргізушісі өміріне қауіп төндіретін ауыр жарақат алып, көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, оқиға орнында көз жұмды. Ал арнайы көлік жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді» деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Алматы қалалық полиция департаментінің анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайын анықтау және оған кінәлі тұлғаларды белгілеу мақсатында қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.