KZ
RU KZ

Қазақстан ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра нысандары саны бойынша Азиядағы үздік 20 елдің қатарына қосылды

Қазақстан ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген нысандар саны бойынша Азия елдері арасында 13-орынға жайғасты.

Маңғыстаудағы жер асты мешіттері
Маңғыстаудағы жер асты мешіттері Фото: Ашық дереккөзден

Қазір еліміздің халықаралық тізімге енген жеті нысаны бар. Сонымен Қазақстан мәдени және табиғи мұрасы мол мемлекет қатарына қосылды.

Қазақстанның тізіміндегі жеті нысанның төртеуі мәдени, үшеуі табиғи мұра санатына жатады. Олардың қатарында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Таңбалы петроглифтері, Ұлы Жібек жолының тарихи бағыттары, Сарыарқа, Батыс Тянь-Шань және Тұран шөлдері бар.

Тізімге ең соңғы болып Маңғыстаудағы жартас мешіттері мен оларға қатысты қасиетті орындар енгізілді. Бұл туралы шешім 2026 жылғы 25 шілдеде Пусанда өткен Дүниежүзілік мұра комитетінің 48-сессиясында қабылданды. Аталған нысан бес тарихи кешенді біріктіреді. Олар  Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата және Сұлтан үпі қорымдары мен қасиетті орындары.

Маңғыстау киелі орындарының ЮНЕСКО тізіміне енуі өңірдің тарихи және рухани құндылығының халықаралық деңгейде мойындалғанын білдіреді. Қазақстан осылайша өзінің тарихи, сәулет және табиғи ескерткіштерін әлемге танытып, ұлттық мұрасының халықаралық мәдени кеңістіктегі орнын нығайтып келеді.

ЮНЕСКО — білім, ғылым және мәдениет мәселелерімен айналысатын БҰҰ мекемесі. 1954 жылдан бастап ЮНЕСКО мәдени, тарихи немесе экологиялық маңызы бар табиғи немесе адам жасаған нысандарды қамтитын дүниежүзілік мұра тізімін (World Heritage) жүргізеді.

Қазақстан 1992 жылы ЮНЕСКО-ға мүше болды және 1994 жылы Дүниежүзілік мұра туралы конвенцияны қабылдады. Сол кезден бастап бес қазақстандық нысан ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілді. 

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.