KZ
RU KZ

Генералдың қызына алаяқтық ісі бойынша 14 жылға дейін түрме жазасы берілуі мүмкін

Әзербайжанда медиатор Түркияр Әлиева ұсталды. Ол бұған дейін Қорғаныс министрлігінде басшылық қызмет атқарған генерал-майор Натиг Әлиевтің қызы.

Натиг Әлиев. Түкияр Әлиева
Натиг Әлиев. Түкияр Әлиева Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы Qafqazinfo басылымы хабарлады.

Басылым мәліметінше, оған аса ірі көлемдегі алаяқтық пен саудаға ықпал ету  бойынша күдік келтіріліп отыр. Айыптау материалдарына сәйкес, Әлиева жер учаскесіне қатысты құжаттарды рәсімдеуге көмектесуге уәде беріп, ірі көлемде ақша алған.

Шағым түскеннен кейін оны прокуратура қызметкерлері ұстаған. Оған Әзербайжан Қылмыстық кодексінің 178.4-бабы бойынша айып тағылып отыр. Бұл бап 500 мың манаттан астам қаражатқа алаяқтық жасағаны үшін 10 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

 

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.