Каспий теңізі арқылы есірткі алып өтпек болғандар ұсталды
Каспий маңайынан есірткі арнасы табылды. ҚР ҰҚК азаматтары мен шетелдіктердің ұсталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ZTB.
ҰҚК қызметкерлері Каспий теңізінің акваториясында халықаралық есірткі арнасын жойды.
Шекарашылар Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД әріптестерімен бірге моторлы қайықпен қудалаудан қашқысы келген үш шетелдікті ұстады. Сондай-ақ жағалау аймағынан екі қазақстандық ұсталды.
Олардан 22 келі апиын, 27 келі гашиш, 60 келі марихуана және шағын жылдамдықты катер тәркіленді.
ҰҚК баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.


