KZ
RU KZ

Каспийде қаза тапқан сарбаздар: 300-ден астам адамнан жауап алынды

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша ІІМ әскери-тергеу органдары қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр.

Каспий қасыреті
Каспий қасыреті Фото: ҚР ІІМ


Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған бірқатар тергеу әрекеті жүргізілді.

Бүгінгі таңда 300-ден астам адамнан жауап алынып, 30-дан астам сот сараптамасы мен зерттеу жұмысы жүргізілді.

Еске салайық, тергеу аясында қызметіне салғырт қарады және кеме жүргізу қағидаларын бұзды деген күдікпен сот санкциясы бойынша сегіз лауазымды тұлға қамауға алынған. Олардың қатарында Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы, оның бірінші орынбасары және жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары, екі әскери бөлімнің командирі, теңіз жаяу әскері батальоны мен рота командирлері, сондай-ақ катер капитаны бар.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.

Алдағы уақытта тергеу әрекеттерін аяқтап, қылмыстық процеске қатысушыларды іс материалдарымен таныстыру жоспарланып отыр.

Тергеу барысы Бас прокуратураның ерекше бақылауында.

 

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.