KZ
RU KZ

Павлодардағы колониядан 12 жылға сотталған 20 жастағы жігіттің мәйіті табылды

20 жастағы сотталушының өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. 15 жастағы қызбен интимдік қатынаста болғаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылған жігіттің мәйіт түрмеден табылды.

Сотталған
Сотталған Фото: Ашық дереккөзден

Оқиға 2025 жылы басталған. Сол кезде 19 жастағы жігіт 15 жастағы мектеп оқушысымен танысқан. Олар Instagram әлеуметтік желісінде хат алмасып, кейін қыздың үйінде кездескен. Екеуінің арасында интимдік қатынас болған.

Бұл туралы қыздың анасы біліп, полицияға жүгінген. Қарым-қатынас екі жақтың келісімімен болғанына қарамастан, заң бойынша 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсуге тыйым салынған.

2026 жылдың сәуірінде сот жас жігітті 12 жылға бас бостандығынан айырды.

Павлодар облысы ҚАЖ департаментінің алдын ала мәліметі бойынша, сотталушы өз-өзіне қол жұмсаған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

 

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.