Қазақстанда 34 сөздік пен анықтамалық әзірленеді
Қазақ тіліндегі сөздерді қалай дұрыс жазу, айту және аудару керек? Қазақстанда тілдік нормаларды біріздендіру туралы шешім қабылданды.
Осы мақсатта ғалымдар 19 негізгі сөздік, 9 академиялық аударма сөздігі және 6 анықтамалық әзірлейді.
Бұл жұмыс тек емле ережелерімен шектелмейді. Сөздер мен ұғымдарды қолданудағы ала-құлалықты жою үшін түсіндірме, грамматикалық, этимологиялық және терминологиялық сөздіктерді жаңарту жоспарланып отыр.
Барлық материалды тегін қолжетімді етіп, «Қазақ тілінің әмбебап сөздігі» атты бірыңғай цифрлық платформаға орналастыру көзделген.
Жоба мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің жетекшілігімен өткен кеңесте талқыланды.

