KZ
RU KZ

Қазақстанда 445 мыңнан астам адам жұмыссыз жүр

2026 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ға жетті.

Жұмыссыз
Жұмыссыз Фото: Pexels

Қазіргі уақытта 445,6 мың азаматтың тұрақты жұмысы жоқ. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Ресми деректерге сәйкес, 2026 жылғы шілде-қыркүйек айларында жұмыспен қамтылған халық саны 9,4 миллион адамға жеткен.

Оның ішінде 7,25 миллион адам жалдамалы жұмыс істесе, тағы 2,16 миллионы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына жатады.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұмыс істейтін қазақстандықтардың саны 73,3 мың адамға артқан. Бұл өсімге негізінен жалдамалы қызметкерлер санының көбеюі әсер еткен.

Қазақстандықтар қай салада көп жұмыс істейді?

Жұмыспен қамтылған халықтың ең көп үлесі сауда саласына тиесілі. Бұл салада еңбек ететіндер жалпы жұмыс істейтін азаматтардың 16,8%-ы.

Қызметкерлер саны бойынша алдыңғы қатардағы басқа салалар:

  • Білім беру — 13,3%;

  • Өнеркәсіп — 12,6%;

  • Ауыл шаруашылығы — 10,5%.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі қандай?

15 пен 34 жас аралығындағы қазақстандықтар арасында жұмыссыздық деңгейі 2,9% болды.

Сонымен қатар жастардың 5,6%-ы жұмыс істемейді, оқымайды және кәсіби даярлықтан өтпейді.

2026 жылғы қыркүйектің соңындағы мәлімет бойынша, жұмыспен қамту органдарында 346,9 мың адам ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген. Бұл — елдегі жалпы жұмыс күшінің 3,5%-ы.

Жұмыссыздардың жалпы саны мен ресми тіркелген азаматтар саны арасындағы айырмашылық жұмыссыз жүргендердің барлығы бірдей жұмыспен қамту органдарына жүгіне бермейтінімен түсіндіріледі.

 

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.