KZ
RU KZ

Тоқаев жаңа Көлік министрін тағайындады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әсел Жанасованы премьер-министрдің орынбасары — Қазақстан Республикасының Көлік министрі қызметіне тағайындады.

Әсел Жанасова
Әсел Жанасова Фото: Ақорда

Ал Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі лауазымынан босатылды.

Кадрлық шешім мемлекет басшысының елдегі жол сапасына қатысты сынынан кейін қабылданды. Президент бұл мәселенің шешілмеуін «тұйыққа тірелу» деп, нақты нәтиженің жоқтығын «масқара немесе бетімен кету» деп бағалаған болатын.

Айтпақшы, кадрлық ауыс-түйіс Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәліз) дамыту жобасының кезекті кезеңін және «Каспий көпірі» жобасын жүзеге асыру қарсаңында болып отыр.

Әсел Жанасова 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарған. Ал 2025 жылдың шілдесінен бастап президенттің кеңесшісі болған.

Бұған дейін, 2022 жылдың қазан айынан бастап «Қазпошта» АҚ басқарма төрайымы қызметін атқарды. Ал 2020 жылдың шілдесінен бастап Сауда және интеграция вице-министрі лауазымында жұмыс істеген.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.