KZ
RU KZ

Франциядағы қан сақтайтын банктерге хакерлер шабуыл жасады: қан қоры аман қалды

Францияда киберқылмыскерлер Француз қан агенттігінің (EFS) үш аймақтық орталығындағы тоңазытқыш қондырғыларына шабуыл жасаған.

Хаккер
Хаккер Фото: Pexels

Автоматты жүйе температуралық режимнің бұзылғаны туралы дабыл берген. Персонал қанды дереу сыртқы желіге қосылмаған резервтік тоңазытқыштарға көшірген. 4 қарашаға қарай жағдай толық бақылауға алынып, бұзылған жабдықты қашықтан басқару мүмкіндігі бұғатталды.

Францияның арнайы қызметтері медициналық желілерге ену жолдарын анықтау, сондай-ақ диверсияға тапсырыс бергендер мен оны орындағандарды табу үшін тергеу жүргізіп жатыр.

Бұған дейін хакерлер Бельгия, Швеция, Нидерланд, Ирландия, Финляндия, Эстония, Люксембург және Франция супермаркеттеріндегі тоңазытқыштар мен мұздатқыш витриналарды бұзып кірген. Соның салдарынан сауда желілері бұзылған өнімдерді есептен шығаруға мәжбүр болып, шығын ондаған миллион еуро болған.

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.