KZ
RU KZ

Қаржы тапшылығынан болған заңбұзушылыққа мектеп директоры жауап бермейді

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыруға арналған Құрылтайдағы үкімет сағаты кезінде мәлімдеді.

Мектеп
Мектеп Фото: egemen.kz

Қазақстанда қаржыландырудың жеткіліксіздігінен қауіпсіздік талаптары бұзылған жағдайда мектеп директорларын жауапкершіліктен босату ұсынылды.

Депутаттың айтуынша, мектептегі тамақтану сапасын бақылауға қатысты заңнамада осындай тәртіп бұрыннан қарастырылған. Тексеру алдын ала ескертусіз жүргізіледі. Алайда заңбұзушылық алғаш рет анықталған жағдайда бірден айыппұл салынбайды. Оның орнына мектепке әдістемелік көмек көрсетіледі.

«Егер заңбұзушылық қаржының бөлінбеуінен туындаса, оған мектеп директоры емес, қаржыландыруды қамтамасыз етпеген орган жауап беруі керек. Қазір осы тетікті өрт қауіпсіздігі мен балалар қауіпсіздігіне қатысты басқа да салаларға енгізу үшін заңнамаға түзетулер әзірленіп жатыр», — деді депутат.

Осылай мектептердегі өрт қауіпсіздігі және балаларды қорғаудың басқа да бағыттары бойынша жауапкершілікті бөлу тәртібін өзгерту ұсынылып отыр.

Яғни, қауіпсіздік талаптарының орындалмауына қаржының бөлінбеуі себеп болса, жауапкершілік мектеп басшысына емес, тиісті қаржыландыруды қамтамасыз етпеген мемлекеттік органға жүктеледі.

 

Материалмен бөлісу
Біз cookie файлдарын қолданамыз
Cookie файлдары сайтты жақсартуға және трафикті талдауға көмектеседі. Толығырақ — Құпиялылық саясатында.